Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Футзалдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанды ойсырата ұтты

    Футзалдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанды ойсырата ұтты

    Фото: ҚФФ

    Матч Ақтауда өтті. Айта кетейік, бұл жаңа бас бапкер Рикарду Какаудың жетекшілігімен өткен алғашқы ойын. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Есеп төмендегідей:

    Қазақстан – Әзербайжан  9:2 (3:1)

    Голдар: Игита (14′), Абдуманапұлы (15′), Ақбалықов (17′), Оразов (24′, 32′), Дәрібай (30′), Мәдияров (31′, 36′), Кнауб (33′) — Казиханов (16′), Рустамли (37′).

    Ойын басында Қазақстан құрамасы белсенді шабуылдап, қонақтар қақпасын торуылдады. Алғашқы голды қақпашы-бомбардир Лео Игита соқты. Кейін Әбдірасул Абдуманапұлы мен Альберт Ақбалықов есепті 3:1-ге жеткізді.

    Екінші кезеңде Қазақстан құрамасы басымдықты толықтай қолға алды. Біржан Оразов пен Агеділ Мәдияров дубль жасаса, Ақжол Дәрібай мен Арнольд Кнауб бір-бір голдан еншіледі. Ойын соңына қарай қақпаға Нарун Серіков шықты. Матч 9:2 есебімен қазақстандықтардың пайдасына аяқталды.

    Бұл – Еуро-2026 іріктеу кезеңіндегі сәтсіздіктен кейін отставкаға кеткен Каканың орнына келген Какаудың алғашқы матчы.

    Екі команда арасындағы екінші жолдастық кездесу 15 сәуір күні өтеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →