Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда өндірілген Coca-Cola әлемдегі үздік деп танылып, танымал тұлғалардың назарына ілікті • Сауд Арабиясында барлау тікұшағы апатқа ұшырап, екі офицер қаза тапты • Құрметтеуіміз қажет: Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады • Алматыда «Almaty Puppet Festival – 2026» IV халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді • Шакираның Бішкектегі концерті қалай өтті? • Путин Трамп пен Си Цзиньпинге Украинадағы соғысты талқылауды ұсынды • Қазақстанда өндірілген Coca-Cola әлемдегі үздік деп танылып, танымал тұлғалардың назарына ілікті • Сауд Арабиясында барлау тікұшағы апатқа ұшырап, екі офицер қаза тапты • Құрметтеуіміз қажет: Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады • Алматыда «Almaty Puppet Festival – 2026» IV халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді • Шакираның Бішкектегі концерті қалай өтті? • Путин Трамп пен Си Цзиньпинге Украинадағы соғысты талқылауды ұсынды •

    Сәтбаевта көшенің қақ ортасында ер адамды жабылып соққыға жыққан

    Сәтбаевта көшенің қақ ортасында ер адамды жабылып соққыға жыққан

    Фото: видеодан скрин

    Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында көшеде ер адамға жасалған қатыгез шабуыл қоғамды шулатты. Оқиға түнгі уақытта жолдың дәл ортасында болғаны кадрлардан анық көрінеді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Белгісіз бірнеше адам жәбірленушіні жабылып ұрып-соғып, аяусыз соққыға жыққан. Жерде жатқан адамға да соққы жалғасқаны көпшіліктің ашуын туғызды.

    Оқиға орнында куәгерлер болғанымен, ешкім дер кезінде араша түспегені байқалады. Видео әлеуметтік желіде тез тарап, қызу талқыға түсті.

    Полиция күдіктілердің анықталып, бөлімшеге жеткізілгенін хабарлады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

    Жәбірленушінің жағдайы туралы ресми мәлімет әзірге жарияланған жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →