Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 1 қазан 2026 $ 439,7↓€ 498,3↓₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Пәкістан Ауғанстанға әуеден соққы жасады: Қаза тапқандар бар • Қазақмыс Жезқазғандағы өндірістік нысанды қайта іске қоспақ • Астанада Instagram мен TikTok арқылы лоторея өткізіп, 124,8 млн теңге тапқандар ұсталды • «Сот кабинетіне» кіре алмай жүр: заңгерлер Сот әкімшілігінен жүйені түзетуді талап етті • Қазақстанда LRT үшін жаңа полиция басқармасы құрылады • Тоқаев Си Цзиньпинді ҚХР-дің 77 жылдығымен құттықтады • Пәкістан Ауғанстанға әуеден соққы жасады: Қаза тапқандар бар • Қазақмыс Жезқазғандағы өндірістік нысанды қайта іске қоспақ • Астанада Instagram мен TikTok арқылы лоторея өткізіп, 124,8 млн теңге тапқандар ұсталды • «Сот кабинетіне» кіре алмай жүр: заңгерлер Сот әкімшілігінен жүйені түзетуді талап етті • Қазақстанда LRT үшін жаңа полиция басқармасы құрылады • Тоқаев Си Цзиньпинді ҚХР-дің 77 жылдығымен құттықтады •

    Жамбылда келіні енесінің атына несие рәсімдеген

    Жамбылда келіні енесінің атына несие рәсімдеген

    Фото: ЖИ

    Енесі өз атынан несие алынғанын тек 1 айдан соң ғана білген. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. 

    Жуалы аудандық соты енесінің атынан 1,5 миллион теңге несие алған келінге осындай жаза беріп отыр.

    Соттың мәліметінше, 2025 жылдың қараша айында келін енесін алдап-арбап, оның түр-әлпетін телефонға қаратып, онлайн тексеруден өткізген. Кейін енесінің телефонына келген сандарды айтып, 1,5 миллион теңге несие рәсімдеген. Артынша енесінің шотына түскен ақшаны өзіне аударып, оны өз қажетіне жұмсаған.

    Енесі арада бір ай өткеннен кейін ғана бұл туралы хабардар болған. Ондада несиенің кезекті төлемі туралы хабарламаны көргенде ғана сенген.

    – Прокурор әйелді 1 жылға түрмеге қамауды сұраған. Енесі оны кешіріп, несиенің сомасын толық қайтаруды және келінін бас бостандығынан айырмауды сұраған. Келін болса кінәсін мойындап, кешірім сұраған. Сот тараптарды тыңдай келе келінді бір жыл шартты түрде соттап, енесіне 1,5 млн теңге қайтаруды үкім етті, – деп хабарлайды Жамбыл облысының соттары.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →