Фото: Pixabay
Тараздың мөлтек аудандарының бірінде 51 жастағы ер адам тұрғын үйдің балконынан секіріп кеткен. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
Полиция оқиғаны растады.
Тараз қаласында мөлтек ауданның біріндегі тұрғын үйдің 5-ші қабатынан ер адамның құлап, қайтыс болуы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адам психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті зерделеуге бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, — деп хабарлады Тараз қаласының ПД баспасөз қызметі.
