Басты бет » Ақмола облысын су басты: «қауіп жоқ» деген әкімдікке халық сенбей отыр

Ақмола облысын су басты: «қауіп жоқ» деген әкімдікке халық сенбей отыр

Фото: видеодан скрин

Ақмола облысындағы Старый Колутон ауылын су басты. Өзен деңгейі көтеріліп, елді мекенге кіретін жолды су шайып кеткен. Салдарынан тұрғындар ауылдан шыға алмай, іс жүзінде оқшауланып қалған. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Жұмысқа бару, азық-түлік алу, дәрі-дәрмек жеткізу қиындаған. Ауылда ұйымдастырылған өткел де, қалыпты жол да жоқ.

Тұрғындар жағдайдың күннен-күнге ушығып жатқанын айтып дабыл қағуда. Ал ресми органдар «қауіп жоқ, эвакуация қажет емес» деп отыр.

Олар тіпті жолды әдейі бұзғандарын, судың өтуі үшін шешім қабылданғанын мәлімдеген. Бірақ видео мен тұрғындардың сөзі бұл мәлімдемеге қайшы келіп тұр. Халық нақты көмек сұрап отыр, ал жауап әлі мардымсыз.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика