Иранға қарсы ауқымды соғыс басталған жағдайда, әлемдік экономика шамамен 12 триллион доллар жоғалтуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Сарапшылардың бағалауынша, бұл шығын көлемі әлемдік экономиканың шамамен 10%-ына тең. Мұндай ауқымды қаржылық соққы жаһандық дағдарыстың жаңа толқынын тудыруы ықтимал.
Салыстыру үшін айтсақ, 12 триллион доллар – Германия, Жапония және Ұлыбритания сияқты ірі державалардың жылдық жалпы ішкі өнімін қосқандағы сомадан да көп.
«Иранмен арадағы ауқымды соғыс жаһандық экономикаға кемінде 12 триллион доллар шығын келтіреді. Бұл тек бастапқы бағалау, ал нақты зардабы бұдан да ауыр болуы ықтимал», — делінген сараптамалық есепте.
Мұндай болжамға негізгі себеп – Иранның әлемдік мұнай тасымалындағы маңызды буын саналатын Ормуз бұғазына жақын орналасуы. Қақтығыс жағдайында бұл аймақтағы мұнай экспорты тоқтап, энергия бағасы күрт шарықтап кетуі мүмкін.
Фото: Әлеуметтік желіден
