Tesla-ның Қытайдағы басты бәсекелесі саналатын BYD компаниясының табысы баға соғысы кесірінен төрт жылда алғаш рет төмендеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Компанияның жылдық пайдасы шамамен 20%-ға азайып, 32,6 млрд юаньді (шамамен 4,5 млрд доллар) құрады. Ішкі нарықтағы қатаң бәсекелестікке байланысты BYD-дың үлесі биылдың өзінде екі айдың ішінде 27%-дан 17%-ға дейін құлдыраған. Әсіресе, төртінші тоқсанның көрсеткіші нашар болып, пайда 38%-ға кеміген.
Бұған қоса, компанияның операциялық ақша ағыны 50%-ға қысқарып, қарызы төрт есеге өскен. Осындай қиындықтарға қарамастан, инвесторлар брендтің болашағына сеніммен қарайды. Жаңа батареялар мен ұшқышсыз басқару жүйелерін әзірлеудегі жетістіктерінің арқасында BYD акциялары 17%-дан астам қымбаттады.
Енді компания бар күшін жаһандық нарыққа салмақ. Қазірдің өзінде экспорт көлемі 40%-ға артқан. BYD болашақта жыл сайын 10 миллион электромобиль сатуды жоспарлап отыр.
Фото: Әлеуметтік желіден
