Пәкістан Рамазан айындағы уақытша бітім аяқталғаннан соң Ауғанстанмен шекарадағы әскери операциясын қайта жандандырды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Елдің Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты растап, операциялар алға қойылған қауіпсіздік мақсаттарына жеткенше тоқтамайтынын мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, ұрыс қимылдарын тоқтату туралы келісім 23-нен 24-наурызға қараған түн ортасында күшін жойған.
SanaaTV деректері бойынша, Ауғанстанның шығысында болған әскери әрекеттердің салдарынан кемінде екі бейбіт тұрғын көз жұмып, тағы бірнеше адам жарақат алған.
Фото: Әлеуметтік желіден
