Рыбакина жеңіспен келеді: басты қарсыласы Соболенко да тоқтамай тұр

Қазақстанның бірінші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Ширек финалға шығу жолында Рыбакина рейтингте 68-орында тұрған аустралиялық Талия Гибсонмен кездесті. Жерлесіміз қарсыласына еш мүмкіндік бермей, екі сетте де 6:2 есебімен айқын басымдық танытты.

Бұған дейін Елена Майамидегі додада отандасы Юлия Путинцеваны (6:3, 6:3) және украиналық Марта Костюкті (6:3, 6:4) тізе бүктірген болатын.

Енді Рыбакина 25 наурызда ширек финалда әлемнің бесінші ракеткасы, америкалық Джессика Пегуламен кортқа шығады. Еске салсақ, Елена жақында ғана Индиан-Уэллс турнирінің дәл осы сатысында Пегуланы жеңген еді.

Рыбакинаның соңғы кездегі басты бәсекелесі, әлемнің бірінші ракеткасы беларусьтік Арина Соболенко да Майамидегі турнирдің ширек финалына бірде-бір сетте ұтылмай, сенімді түрде жетті.

Miami Open турнирінің жеңімпазы 1000 рейтингтік ұпай мен 1,15 миллион доллар сыйақыға ие болады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика