Түркияға ұшу қауіпті ме? Туроператорлар қазақстандықтарға жауап берді

Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуына байланысты кейбір қазақстандықтар Түркияға сапарын кейінге қалдырып, демалыс жоспарын қайта қарастыра бастады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Туристік компаниялардың мәліметінше, бұрын сұранысқа ие болған бағыттарға қызығушылық уақытша азайған. Көп жағдайда азаматтар сапарын толық тоқтатпай, басқа уақытқа ауыстырып жатыр. Кейбірі демалыс үшін Вьетнам, Таиланд және Қытай сияқты балама бағыттарды таңдауда.

Ал Түркияға қатысты ресми ақпарат бойынша, әуе рейстері қауіпсіз маршруттармен орындалып жатыр. Елдегі инфрақұрылым қалыпты жұмыс істеп тұр, қонақүйлер туристерді қабылдауда, ал демалыстан оралғандардың пікірі оң.

Компания өкілдері сапарға шығу туралы соңғы шешімді туристің өзі қабылдайтынын, бірақ қазіргі уақытта Түркияда демалуға кедергі келтіретін ешқандай шектеу жоқ екенін атап өтті.

«Егер демалыс елінде жағдай тұрақты болса және ресми шектеулер болмаса, сапарды кейінге қалдыруға асықпаған жөн», — деп кеңес береді турагенттер.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика