Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 1 қазан 2026 $ 439,7↓€ 498,3↓₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Криштиану Роналду Португалия құрамасынан кетті • Атырау облысында жол апатынан жасөспірім қаза тапты • Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы төрешілер шешіміне наразылық білдірді • Криштиану Роналду Португалия құрамасының базасынан кетті • Тоқаев Бавариядағы форумда Қазақстанның агроөнеркәсіп әлеуетін таныстырды • «Шексіз құжат толтырма»: Депутаттар дерігерлердің жұмысын реттеу керектігін айтты • Криштиану Роналду Португалия құрамасынан кетті • Атырау облысында жол апатынан жасөспірім қаза тапты • Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы төрешілер шешіміне наразылық білдірді • Криштиану Роналду Португалия құрамасының базасынан кетті • Тоқаев Бавариядағы форумда Қазақстанның агроөнеркәсіп әлеуетін таныстырды • «Шексіз құжат толтырма»: Депутаттар дерігерлердің жұмысын реттеу керектігін айтты •

    Абай облысындағы шахтада бір адам ажал құшты

    Абай облысындағы шахтада бір адам ажал құшты

    Фото: Pixabay

    Абай облысындағы Орлов шахтасында жазатайым оқиға болды: екі жұмысшы зиянды газдан уланған. Олардың бірі ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды, екіншісіне медициналық көмек көрсетілді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Кенішке иелік ететін компания мәліметінше, 19 наурызда таңертең Орлов шахтасының диспетчеріне ақпарат түсті. Газдан улану белгілері бар екі жұмысшы анықталған. Зардап шеккендердің бірі ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Екінші жұмысшыға медициналық көмек көрсетілді, жағдайы тұрақты.

    «KAZ Minerals тобы Абай облысындағы Орлов шахтасында жазатайым оқиға болғанын терең өкінішпен хабарлайды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. KAZ Minerals тобының басқарма төрағасы Андрей Третьяков жазатайым оқиғаны тергеуге жеке қатысу үшін Орлов шахтасына барды», — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

    Компания қаза тапқан жұмысшының отбасына жан-жақты көмек көрсететінін хабарлады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →