Қазақстанда конституциялық реформаларды жүзеге асыру аясында 20-дан астам заңнамалық актіге өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Түзетулер мәдениет, ақпарат, БАҚ, отбасы, дін және азаматтық қоғам салаларын қамтиды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
Басты мақсат – заңнаманы жаңартылған Конституция талаптарына сәйкестендіріп, ұлттық құндылықтарды, тарихи мұраны және қоғамдық келісімді нығайту.
Жаңа Конституциядағы өзгерістер туралы Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева баяндады.
БАҚ туралы заң жетілдіріледі: сөз бостандығына басымдық беріледі
Елімізде бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Жаңа өзгерістер сөз бостандығын қамтамасыз етуге, цензураға жол бермеуге және азаматтардың ақпарат алу құқығын нақтылауға бағытталған.
Жаңа Конституциядағы өзгерістер туралы Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева баяндады.
Отбасы институтын нығайтуға бағытталған өзгерістер әзірленуде
Қазақстанда отбасы саясатын дамытуға ерекше назар аударылуда. Осыған байланысты «Неке және отбасы туралы» кодекске өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.
Мемлекет неке, ата-ана және бала құқықтарын қорғауды күшейтіп, отбасы институтын нығайтуды көздейді.
Жаңа Конституциядағы өзгерістер туралы Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева баяндады.
Әлеуметтік саясат: адами капиталды дамытуға басымдық
Жаңа конституциялық өзгерістерге сәйкес, әлеуметтік саясаттың бағыты кеңейтілуде. Негізгі басымдық білім, ғылым және кәсіби біліктілікті арттыру арқылы адами капиталды дамытуға беріледі.
Сондай-ақ жұмыспен қамту, сапалы жұмыс орындарын құру және еңбек заңнамасын жетілдіру жоспарланған.
Жаңа Конституциядағы өзгерістер туралы Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева баяндады.
Денсаулық сақтау жүйесіне қосымша қаржы көздері тартылады
Қазақстанда медициналық көмекті қаржыландыру жүйесі кеңейтіледі. Бұдан былай бұл салаға тек бюджет қана емес, халықаралық ұйымдар, қайырымдылық қорлар және ірі компаниялар да қатыса алады.
Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің рөлі артып, азаматтардың медициналық қызметтерге қолжетімділігі жақсарады.
Жаңа Конституциядағы өзгерістер туралы Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева баяндады.
«Ең бастысы — Ата заңда айқындалған құндылықтарды қоғамда кеңінен насихаттап, оларды қоғамдық сананың ажырамас бөлігіне айналдыру».
«Бұл түзетулер негізгі конституциялық қағидаттарды іске асыруға бағытталған. Атап айтқанда, олар тарихи-мәдени мұраны сақтау, ұлттық мәдениетті қолдау, отбасы институтын нығайту және азаматтық қоғамды дамыту сияқты маңызды бағыттарды қамтиды. Қазақстанның Халық кеңесі құрылуына байланысты қоғамдық келісімді нығайту және этносаралық қатынастарды дамыту бағытындағы жұмыстар күшейтілетін болады, — деді Үкімет отырысында баяндама жасаған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.
