Фото: ҰОК
Оған қола медал үшін шамамен 36 миллион теңге сыйақы беріледі. Ал алтынға табысталатын ақша көлемі мұнан бірнеше есе көп. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
Бұған дейін қазақстандық спортшылар Паралимпиада ойындарында командалық есепте 18-орынға жайғасқанын жазған едік.
Италияда өткен XIV қысқы Паралимпиада ойындарында бір алтын және бір қола медаль жеңіп алған спортшы Ербол Хамитов жалпы шамамен 160 миллион теңге көлемінде сыйақы алады.
Бейресми дереккөздердің жазуынша, чемпионға алтын медаль үшін мемлекеттен 250 мың доллар (шамамен 122 млн теңге) төленеді. Қола медалі үшін 36 миллион теңге тағы түседі.
Еске салайық, Ербол Хамитов әуелгіде 2026 жылғы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанса, артынша алтын медалді мойынға ілді.
