Конституциялық референдум: Алматы тұрғындарының 30%-ға жуығы қарсы дауыс берген

Орталық референдум комиссиясы жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумның алдын ала қорытындысын жариялады. Нәтижелерге сәйкес, түзетулерге қарсы дауыс бергендердің басым бөлігі Алматы қаласы мен Алматы облысында тіркелген, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Комиссияның мәліметінше, республика бойынша 7 954 667 азамат немесе дауыс берушілердің 87,15%-ы Конституцияға енгізілген өзгерістерді қолдаған.

Ал жаңа Ата заңның қабылдануына 898 099 адам қарсылық білдірген. Олардың арасында үш өңірдің тұрғындары ерекшеленді.

Атап айтқанда, қарсы дауыс бергендердің ең көбі тіркелген өңірлер:

  • Алматы облысы – 122 616 адам (аймақтағы дауыс берушілердің 19,59%-ы);
  • Алматы қаласы – 105 757 адам (қаладағы дауыс берушілердің 28,64%-ы);
  • Қарағанды облысы – 83 463 адам (аймақтағы дауыс берушілердің 16,18%-ы).

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика