Танымал әнші Рахат Тұрлыханов әйелін ұрып-соқты деген күдікпен тағы да ұсталды. Ол 15 наурызда Алматы қаласындағы Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізілген, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Бұл – Тұрлыхановтың тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты бірінші рет ұсталуы емес. Бұған дейін де ол жұбайына қол көтергені үшін бірнеше рет жауапқа тартылып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған болатын.
Әншінің отбасындағы бұл жанжал қоғамда қызу талқыға түсіп келеді. Оның жұбайы бұған дейін де күйеуінің тарапынан қысым көріп жүргенін бірнеше рет мәлімдеген еді.
Фото: Әлеуметтік желіден
