Алматыдағы Назарбаев даңғылы үш күнге жабылды: жүргізушілерге ескерту

Алматыда қаланың басты көшелерінің бірі – Назарбаев даңғылында көлік қозғалысы уақытша шектелді. Жол-жөндеу жұмыстары 16 наурыздан бастап үш күнге созылады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Қалалық басқарманың мәліметінше, Әл-Фараби даңғылынан Төле би көшесіне дейінгі аралықта жол люктерін көтеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты аталған аумақта көлік қозғалысы қиындауы мүмкін.

«Үш күн ішінде көлік қозғалысына шектеулер болуы мүмкін. Жөндеу жүріп жатқан учаскелерге ескерту белгілері қойылады», — деп атап өтті басқармада.

Осыған байланысты қала билігі Алматы тұрғындары мен қонақтарынан жүретін бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика