Жас боксшылар ел намысын қорғады: Қазақстан Таиландтан күміспен оралды

Таиланд астанасы Бангкокта бокстан 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында алғаш рет өткен «Болашақ кубогы» халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Бірнеше елден жиналған талантты спортшылар бақ сынасқан додада қазақстандық жас боксшылар жоғары нәтиже көрсетті. Олар бірнеше салмақ дәрежесінде жүлделі орындарға ие болып, ел намысын абыроймен қорғады.

Бұл жарыс жас спортшылардың халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтап, шеберлігін шыңдауына зор мүмкіндік берді. Сарапшылардың пікірінше, мұндай турнирлер болашақта әлемдік аренада топ жаратын жаңа чемпиондарды дайындауда маңызы зор.

«Futures Cup U-19» турнирі жас буын арасында тұрақты халықаралық жарыстардың біріне айналуы мүмкін екені айтылуда.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика