Референдумға дауыс беруге келген бойжеткеннің ерекше киімі мен серігі көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Ол дауыс беру учаскесіне ақ халат киіп, басына сүлгі орап, тура душтан шыққандай кейіпте келген. Бұл көрініс азаматтық борышын өтеуге жиналған жұрттың назарын бірден өзіне аударды.
Алайда көпшілікті таңдай қақтырған тек оның киімі ғана емес еді. Бойжеткен өзімен бірге қазіргі заманғы технологияның жетістігі саналатын робот-итті ертіп жүрген.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан оның бұл әрекеті айналасындағы адамдардың таңданысын тудырып, күлкіге қарық қылғанын көруге болады. Кейбір куәгерлер оны суретке түсіріп үлгерген.
Фото: Әлеуметтік желіден
