Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Таиланд астанасы Бангкокта республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Аты аңызға айналған боксшы, қазір World Boxing ұйымының да басшысы қызметін атқарады. Ол Бангкокка World Boxing Futures Cup 2026 халықаралық турниріне орай барған.
Головкин азаматтық борышын өтеу үшін Қазақстанның Таиландтағы елшілігі жанынан ашылған №453 сайлау учаскесіне арнайы келіп, өз таңдауын жасады.
Спортшының бұл қадамы оның маңызды саяси оқиғаға бейжай қарамайтынын көрсетті. Бүгін елімізде атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыхалықтық референдум өтіп жатқаны белгілі.
Фото: Әлеуметтік желіден
