14 наурыз референдум алдындағы үнсіздік күні

Фото: Zakon.kz

Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты. 14 наурыз Қазақстанда Конституцияға қатысты референдум алдындағы үнсіздік күні. Бұл күні кез келген үгіт-насихатқа тыйым салынады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Нұрлан Әбдіровтің пікірінше, үнсіздік күні ешқандай үгіт жүргізуге болмайды. Бұрын ілінген үгіт материалдары алынып тасталмайды, бірақ оларды таратуға немесе қайта жариялауға рұқсат жоқ.

Тыйым әлеуметтік желілерге де қатысты – үгіт материалдарын қайта жариялауға немесе насихат жүргізуге болмайды.

Сонымен қатар референдум күні қоғамдық пікір сауалнамаларын жариялауға да тыйым салынған.

Заң талаптарын бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102-бабына сәйкес, тыйым салынған кезеңде үгіт жүргізгені үшін:

  • жеке тұлғаларға – 15 АЕК (64 875 теңгe);
  • шағын бизнес пен коммерциялық емес ұйымдарға – 20 АЕК (86 500 теңге);
  • орта бизнеске – 25 АЕК (105 825 теңге);
  • ірі бизнеске – 35 АЕК (148 155 теңге) айыппұл қарастырылған.

15 наурыз күні дауыс беру сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.

Айта кетейік, бюллетеньде бір ғана сұрақ болады. Ол «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика