Тоқаев мыңдаған депутатты Астанаға жинады: өңірлерде не өзгереді?

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының III республикалық форумы басталды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Бұл жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен келген жергілікті өкілді органдардың депутаттары қатысып жатыр. Форумның басты мақсаты – өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылап, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайтудың жаңа жолдарын қарастыру.

Сарапшылардың пікірінше, Президенттің қатысуымен өтіп жатқан бұл шара мәслихаттардың рөлін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Күн тәртібінде аймақтардың бюджетін тиімді жоспарлау, инфрақұрылымды жақсарту, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын көтеруге қатысты мәселелер бар.

Форум қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы жергілікті атқарушы және өкілді билік органдарына бірқатар нақты тапсырма беруі мүмкін екені болжануда. Бұл өзгерістер еліміздің әр аймағының дамуына тікелей әсер етеді деп күтілуде.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика