Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 18 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты • Талдықорған әкімі Ұлттық ұлан бөліміне барып, жас сарбаздармен кездесті • Астанада автобуста қызға әдепсіз әрекет жасаған ер адам 10 тәулікке қамалды • «Қазгидромет» 18 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Шығыс Қазақстанда өрттен әйел мен екі бала қаза тапты • Астанада ер адамды үш метрлік траншеядан экскаватормен шығарды • Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты • Талдықорған әкімі Ұлттық ұлан бөліміне барып, жас сарбаздармен кездесті • Астанада автобуста қызға әдепсіз әрекет жасаған ер адам 10 тәулікке қамалды • «Қазгидромет» 18 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Шығыс Қазақстанда өрттен әйел мен екі бала қаза тапты • Астанада ер адамды үш метрлік траншеядан экскаватормен шығарды •

    «Жаным ешкімнен артық емес»: Мақпал Жүнісова өлімнен қорықпайтынын айтты (ВИДЕО)

    «Жаным ешкімнен артық емес»: Мақпал Жүнісова өлімнен қорықпайтынын айтты (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скрин

    Танымал әнші, Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова жеке концертінде өзінің 1 ай бұрын қатты сырқаттанып қалғанын айтты. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Ол инфакрт алып, жансақтау бөліміне түсіп қалған.

    «Осыдан бір ай бұрын жансақтауға түсіп қалдым. Инфаркт деген бар екен ғой. Көзім жасаурап тұр. Кетесің деді кетпей қалдық. Осы концерт болсын деген шығар Алла. Шүкір, рахмет айтамыз. Жарқырап, жайнап жүре береміз. Сөйтсек аурудың бәрі жинала береді екен ғой. Ауырмаңыздар, сырқамаңыздар. Туысқандарымның бәрі жылады. Жыламаңдар дедім. Кімнен жанымыз артық? Талай асылдар кетіп жатыр ғой. Мен де бір сынығымын, кетсем кетермін», — деді әнші.

    Көпшілік өнер иесінің денсаулығына алаңдап, тілектерін жаудырды.

    «Ойбай, Мақпал әпке ауырмаңыз. Осылай жадырап жайнап жүре беріңіз халықтың ерке қызы болып», «Ғұмырыңыз ұзақ болсын апатай», «Аңқылдаған әппақ көңілінен», «Аман болсыншы, қызының қуанышын көрсінші», «Аман-есен жүре берші. Жүзге келші», — деп жазды оқырмандар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →