Елімізде Дубайға ұшатын рейстер тоқтатылды

Фото: Pixabay

Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты осындай шешім қабылдады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Әуе компаниясы Таяу Шығыстағы ахуалды мұқият қадағалап отыр.

«11-31 наурыз аралығында Алматыдан және Астанадан Дубайға бағытталған тұрақты рейстер ұшпайды. Тоқтаған сапардың ақысы жолаушыларға айыппұлсыз толық қайтарылады немесе 1 сәуірден 31 мамырды қоса алғандағы кезеңге тегін қайта брондау ұсынылады», – делінген ресми хабарламада.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика