Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Әзербайжан Иранға 25 тонна гуманитарлық көмек жіберді

    Әзербайжан Иранға 25 тонна гуманитарлық көмек жіберді

    Фото: Fhn.gov.az

    Әзербайжан дрон оқиғасынан кейінгі шиеленіске қарамастан, көрші Иранға гуманитарлық көмек жіберді. Бұл туралы Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы Stan.kz -ке cілтеме жасап хабарлайды.

    Әзірбайжан президентінің тапсырмасына сәйкес, төтенше жағдайлар министрлігінің көліктері арқылы Иран Ислам Республикасына жөнелтілген гуманитарлық көмектің құрамына 10 тонна ұн, 6 тонна күріш, 2,4 тонна қант, 4 тоннадан астам су, шамамен 600 келі шай, сондай-ақ 2 тоннаға жуық дәрі-дәрмек пен медициналық құралдар кіреді.

    Көмек «көрші әрі достас иран халқына қолдау көрсету» мақсатында ұйымдастырылған. Әзірбайжан Ираннан ұшқышсыз аппараттармен байланысты болған оқиғаға қарамастан, Иранға бірнеше тонна азық-түлік жіберді.

    Азық-түлік, дәрі-дәрмек және медициналық құралдар тиелген гуманитарлық жүк қазірдің өзінде жолда. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, көмек «көрші әрі достас иран халқына қолдау көрсету» мақсатында ұйымдастырылған.

    Айта кетейік, жергілікті ақпарат құралдары 5 наурыз күні Иран аумағынан ұшырылған бір ұшқышсыз аппарат әуежай терминалы ғимаратына соғылғанын жазған. Тағы бір дрон Шакерабад ауылындағы мектеп ғимаратының жанында құлаған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →