Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 30 қыркүйек 2026 $ 441,2↓€ 501,3↓₽ 5,22↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына барды • «Әлі түрін естиін деп тұрмын»: Ырысбала Икрамбай енесінің сөзшең екенін айтты • Каспийдегі трагедиядан кейін Threads авторларына полиция қоңырау шалды ма? • Британдық шахматшы 11 жасында әйелдер арасындағы ең жас гроссмейстер атанды • Азат Перуашев туралы жалған ақпаратқа қатысты қылмыстық іс қозғалды • «Мен тірімін»: Сарбаз өзі туралы тараған ақпарды жоққа шығарды • Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына барды • «Әлі түрін естиін деп тұрмын»: Ырысбала Икрамбай енесінің сөзшең екенін айтты • Каспийдегі трагедиядан кейін Threads авторларына полиция қоңырау шалды ма? • Британдық шахматшы 11 жасында әйелдер арасындағы ең жас гроссмейстер атанды • Азат Перуашев туралы жалған ақпаратқа қатысты қылмыстық іс қозғалды • «Мен тірімін»: Сарбаз өзі туралы тараған ақпарды жоққа шығарды •

    Семейде көшені су басты: тұрғын әкімдікті сотқа бермек

    Семейде көшені су басты: тұрғын әкімдікті сотқа бермек

    Фото: видеодан скрин

    Семей қаласында еріген қар суы көшелерді басып, тұрғындардың мүлкіне зиян келтірген. Әлеуметтік желіде тараған видеоларда жол бойы көлкіген су мен лайға айналған көшені көруге болады. Тұрғынның айтуынша, су арнайы арық жүйесі болмағандықтан немесе уақытында тазаланбағандықтан жиналып қалған. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Оқиғаға байланысты қала тұрғыны полицияға арыз жазып, жауапты мекемелерді жауапкершілікке тартуды талап еткен. Оның сөзінше, ол «Зеленстрой» мекемесінің басшылығына қатысты шара қолдануды сұрап, келтірілген материалдық және моральдық шығынды өндіріп алу үшін сотқа жүгінбек.

    Қала тұрғындары бұл жағдай бірінші рет емес екенін айтады. Әлеуметтік желі қолданушылары да пікір қалдырып, коммуналдық қызмет пен әкімдіктің жұмысына сын айтқан. Кейбірі «Әкім бар ма өзі қалада? Жұмыс істей ме?» деп ашық наразылық білдірген.

    Көктем келісімен қайталанатын мұндай жағдайлар коммуналдық жүйенің дайын еместігін тағы көрсетті. Жыл сайын қайталанатын мәселе шешілмей келе жатқанына тұрғындар наразы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →