Фото: Видеодан алынған кадр
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі компания қызметкерлеріне өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне арналған бейнеүндеу жолдады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
Ол қауіпсіздік — әрбір жұмыскердің негізгі құқығы және жоспар мен мерзім үшін ешқандай ымыраға жол бермейтін басты басымдық екенін атап өтті.
Сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасауға басшылыққа
ерекше жауапкершілік жүктелетініне назар аударды.
Бұл үндеу компанияда өндірістік қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болып табылады.
