«Таныстарын кезексіз кіргізеді»: Ақтауда халыққа қызмет көрсету орталығында шу шықты

Фото: видеодан скрин

Ақтау қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығында қызметкерлер мен азаматша арасында дау туындады. Оқиға жексенбі күні таңертең болғаны айтылды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Куәгерлердің сөзінше, орталыққа келген әйел қызметкерлердің талонсыз кезекте тұрған адамдарды қабылдап жатқанын айтып, наразылық білдірген. Ол сондай-ақ қызметкерлер өз таныстарын кезектен тыс өткізіп жатыр деп айыптаған.

Осыдан кейін екі тарап арасында сөзге келу басталып, жанжал күшейе түскен. Оқиға орнында болған адамдардың айтуынша, жағдай бір сәтте қатты дауға ұласқан.

Желіде тараған видеода тұрғындардың кейбірі қызметкерлердің әрекетіне наразылық білдіргені байқалады. Қоғамдық орында болған бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушылары арасында да қызу талқыланып жатыр.

Оқиғаға қатысты ресми органдар әзірге нақты түсініктеме берген жоқ.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика