Иранның әуе кеңістігі жабылып, аймақтағы жағдай шиеленісуіне байланысты Сыртқы істер министрлігі ондағы 96 қазақстандықты құрлық арқылы елден шығару жолдарын қарастырып жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Қазақстанның Ирандағы елшілігі отандастарымызды Әзербайжан, Армения, Түркия және Түрікменстан сияқты көршілес елдердің құрлықтағы шекарасы арқылы шығаруды ұйымдастыруда. Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта Иранда 96 Қазақстан азаматы бар.
Осыған орай, Сыртқы істер министрлігі Иранда жүрген Қазақстан азаматтарына арнайы ұсыныстар жариялады.
«Жеке қауіпсіздік шараларын барынша күшейту; Адамдар көп жиналатын орындар мен көпшілік іс-шаралардан аулақ болу; Өзімен бірге үнемі құжаттарын алып жүру; Дипломаттармен тұрақты байланыста болу қажет», — делінген министрлік хабарламасында.
Сондай-ақ министрлік кез келген жағдайда шұғыл көмек алу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс желілерінің нөмірлерін ұсынды. Азаматтар консулдық көмек алу, өздерінің орналасқан жері мен жағдайы туралы хабарлау үшін төмендегі байланыс арналарына хабарласа алады:
Тегерандағы елшілік:
• Кезекші: +98 21 2256 5933
• WhatsApp / Моб: +98 936 208 4672
Горган қаласындағы Бас консулдық:
• Жұмыс телефоны: +98 173 252 0443
• WhatsApp: +7 701 771 34 01
• Моб: +98 912 298 0350
Бендер-Аббас қаласындағы консулдық:
• WhatsApp / Моб: +98 930 298 57 03
Сыртқы істер министрлігі әскери қақтығыс аймағындағы басқа елдерде қанша қазақстандық барын әзірге хабарлаған жоқ.
Фото: Әлеуметтік желіден
