Иранның рухани көсемі Әли Хаменеидің отбасында қайғылы жағдай болды: оның күйеу баласы мен келіні Тегеранға жасалған зымыран шабуылы кезінде қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Бұл туралы бірқатар беделді ақпарат көздері, соның ішінде Jamaran агенттігі мен Al Hadath телеарнасы хабарлады. Олардың мәліметінше, Иран астанасына жасалған әуе соққылары Хаменеидің жақын туыстарының өмірін қиған.
Осыған дейін тараған ақпаратқа сәйкес, Иранның жоғарғы жетекшісі Әли Хаменеи қазіргі уақытта жедел орталықта болып, әскери қимылдарды тікелей өзі басқарып отыр.
Кейбір БАҚ оның бұл әрекетін «2025 жылғы жазғы соғыс кезіндегідей» жағдайға теңеп отыр. Алайда бұл ақпараттың ресми растауы әзірге жоқ.
Фото: Әлеуметтік желіден
