АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Иран аумағында жүргізілген әскери операцияның алғашқы нәтижелері туралы ресми есеп берді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Ведомствоның мәліметінше, негізгі соққылар Ислам революциясы сақшылар корпусының командалық пункттеріне, Иранның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне, зымыран және ұшқышсыз ұшу аппараттарын ұшыру алаңдарына, сондай-ақ әскери әуе базаларына бағытталған.
Алғашқы соққыдан кейін АҚШ күштері Иран тарапынан ұйымдастырылған ауқымды шабуылға тойтарыс берген. Қолбасшылық Иранның жүздеген дроны мен зымыранының бетін қайтарғанын мәлімдеді.
Ресми ақпаратқа сәйкес, америкалық әскери қызметкерлер арасында қаза тапқандар немесе жараланғандар тіркелмеген.
«АҚШ нысандарына келтірілген залал өте аз және операцияның барысына еш әсер еткен жоқ», — деп хабарлады қолбасшылық.
Фото: Әлеуметтік желіден
