Ираннан ауыр соққы: «АҚШ пен Израильдің жүздеген сарбазы жойылды»

Иран Таяу Шығыстағы АҚШ-тың 14 әскери базасы мен Израильдің маңызды орталықтарына соққы бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Иранның Tasnim агенттігі әскери дереккөзге сілтеме жасай отырып, Иран Қарулы күштерінің «Хатам әл-Анбия» орталық штабы жүздеген америкалық және израильдік әскери қызметкердің қаза тапқанын хабарлағанын жеткізді.

«Сионистік режимнің қауіпсіздік орталықтары мен маңызды әскери нысандарынан бөлек, АҚШ-тың аймақтағы 14 маңызды базасына да соққы жасалды. Нәтижесінде америкалық агрессор күштері мен Израиль сарбаздарынан жүздеген адамның көзі жойылды», — деді штаб өкілі Иранның мемлекеттік телеарнасының эфирінде.

Бұл ақпарат Иран мен Израиль арасындағы шиеленістің жаңа кезеңге өткенін көрсетеді. Әзірге АҚШ пен Израиль тарапы бұл мәлімдемеге қатысты ресми жауап берген жоқ.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика