АҚШ пен Израиль шабуылдаған Иранда 96 қазақстандық жүр

АҚШ пен Израиль 28 ақпанда соққы берген Иран аумағында Қазақстанның 96 азаматы бар екені анықталды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресми мәлімет таратты. Ведомствоның хабарлауынша, отандастарымызбен тұрақты байланыс орнатылған.

«Қолда бар дерек бойынша, Иран аумағында Қазақстан Республикасының 96 азаматы бар. Олардың 18-і – дипломатиялық өкілдік қызметкері, екеуі – студент, 70 адам «Заркух» зауытында жұмыс істейді. Алты азамат Иранда жеке шаруасымен жүр. Министрлік пен Қазақстанның шетелдегі мекемелері отандастарымызбен үнемі байланыста. Қазіргі сәтте Қазақстан азаматтары арасында зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ», – делінген СІМ хабарламасында.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика