Қарағанды облысында автобус тапшылығы неге шешілмей келеді?

Фото: Видеодан алынған кадр

Қарағанды облысында қоғамдық көлік мәселесі қайта ушығып тұр. Теміртау қаласының тұрғындары Қарағандыға қатынайтын автобустардың таңғы уақытта лық толатынына шағымдануда. Әлеуметтік желіде тараған видеода жолаушылардың бір-біріне қысылып, әрең тұрғаны анық көрінеді. Автобус іші «бөшкедегі майшабақтай» – қозғалу мүмкін емес. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Тұрғындардың айтуынша, әсіресе таңғы қарбаласта Теміртаудан Қарағандыға жету қиынға соғады. Жұмысқа, оқуға асыққан халық аялдамада ұзақ күтіп, келген көлікке сыймай қалады. Осындай жағдай Шахтинск–Қарағанды бағытында да қайталанып отырғаны айтылуда.

Мәселенің шешімі қарапайым: қарбалас сағаттарда рейс санын көбейту, қосымша автобустар шығару. Алайда облыстық және қалалық әкімдіктер тарапынан нақты әрі жүйелі қадам байқалмайды. Халық күн сайын қысылып-қымтырылып қатынап жүргенде, жауапты органдардың үнсіз қалуы орынды сұрақ тудырады.

Видео: vk_gazeta

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика