Сүңгі құлап көлігіңізді бүлдірді ме: өтемақы алу жолы белгілі болды

Алматыда күннің жылынуына байланысты көпқабатты үйлердің шатырындағы сүңгілер тұрғындар үшін қауіп төндіре бастады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігі мұндай жағдайлардың алдын алу және оның салдары үшін кім жауапты екенін еске салды. Ведомствоның мәліметінше, үй шатырын қар мен мұздан тазалау – Мүлік иелері бірлестігі (МИБ), Пәтер иелері кооперативі (ПИК) және басқарушы компаниялардың тікелей міндеті.

«Көппәтерлі үйлердің шатыры мен күнқағарларын тазалауға МИБ, ПИК төрағалары және басқарушы компаниялар жеке жауапкершілік алады. Олар қауіпті аймақтарды қоршап, тұрғындарға ескерту жасауға міндетті», — деп хабарлады әкімдік.

Егер сіздің денсаулығыңызға немесе мүлкіңізге (мысалы, көлігіңізге) сүңгі құлап зақым келтірсе, кінәлі тараптан сот арқылы өтемақы талап етуге толық құқығыңыз бар.

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында осындай жағдай тіркелген. Тұрғындардың бірі шатырдан құлаған мұз кесегінен бүлінген кондиционері үшін өтемақыны сот арқылы өндіріп алған.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика