Петропавлда қаңғыбас иттер көбейді: ата-аналар дабыл қағуда

Фото: Pixabay

Петропавл қаласында қаңғыбас иттер мәселесі қайтадан ушығып тұр. Тұрғындардың айтуынша, Подгора ауданында мектепке бара жатқан балаларға бір топ ит агрессия танытқан. Осы жағдайдан кейін ата-аналар балаларын өздері апарып, өздері қарсы алуға мәжбүр болған. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

«Қашанға дейін қаңғыбас иттерді көтереміз? Олар адамдарға, тіпті балаларға шабуылдайды», – дейді тұрғындар.

Көшеде емін-еркін жүрген иттер саны артқан. Әсіресе жеке сектор аумағында қауіп күшейгені айтылады.

Жұртшылық тиісті мекемелерден нақты әрекет күтеді.

Видео: Instagram @vesti_sko

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика