Қазақстанда кейбір діни ағымдарда армияға баруға тыйым салынған – депутат

Фото: видеодан алынған кадр

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Қазақстанда кейбір діни ағым өкілдері арасында «әскерге бармау керек» деген ұстаным бар екенін айтты. Оның сөзінше, мұндай жағдай тәжірибеде кездесіп жатады. Тіпті әскери комиссариатқа келіп, «біздің заңымызда әскерге бару жоқ» деп мәлімдейтін азаматтар да бар. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Алайда депутат нақты айтты: Қазақстанда діни себеппен армиядан толық босататын заң жоқ. «Қазақстан азаматы болған соң, әскери қызмет – міндет», – деді ол. Яғни, діни көзқарас мемлекеттік заңнан жоғары тұрмайды.

Еске салайық, қолданыстағы Конституцияда дін мемлекеттен бөлек екені нақты көрсетілген. Бұл бапқа сәйкес, діни ұйымдардың қызметі заң аясында реттеледі.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика