Қызылордада балықтар жаппай қырылып қалған

Фото: видеодан скрин

Қызылорда облысы Қараөзек ауылдық округіне қарасты Талдыкөл көліне 2025 жылдың көктемінен бері су жіберілмеген. Соның салдарынан көл тартылып, су жануарлары, әсіресе балықтар жаппай қырылып жатыр. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Тұрғындардың айтуынша, жайылымда су іздеген мал лайсаңға батып, шығын көбейген. Егер алдағы уақытта да көлге су құйылмаса, жер құрғап, ауыл халқының төрт түлігіне жайылым қалмайды.

Жергілікті жұрт мәселені шешу үшін Әйтек және Қараөзек су тораптары арқылы су жіберуді сұрап отыр. Алайда әзірге нақты шешім мен жауап жоқ. Табиғат тозып, тіршілік тоқырап жатқанда құзырлы мекемелердің үнсіз қалуы – жауапкершіліктің әлсірегенін көрсетеді.

Видео: Instagram @kritikakyzylordy2

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика