Кәмелетке толмаған туысының қызын зорлаған 71 жастағы түркістандық ер адам 16 жылға сотталды

Түркістан облысында кәмелетке толмаған туыс қызын зорлаған 71 жастағы ер адам 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. ДНҚ сараптамасы жәбірленушіден туған баланың сотталушыдан екенін толық дәлелдегенімен, ол сотта кінәсін мойындамады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Оқиға Түркістан облысы, Келес ауданына қарасты Еңбекші ауылында болған. Сотталушы мен жәбірленуші көрші тұрған туыстар болып шықты. Қылмыс қыздың анасы Астанаға жұмыс бабымен, ал әкесі мазаратта күзетші болып кеткен кезде жасалған.

Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы Дәурен Мадалиевтің айтуынша, қария үйде сіңлісімен жалғыз қалған қыздың үйіне жасырын кіріп, оны үш күн қатарынан зорлаған.

«Жәбірленуші мен сотталушы көрші тұрған. Қыздың анасы Астанаға, әкесі қарауыл болып мазаратқа кеткенде, үйіне ұрланып кірген. Қыз бала үйінде сіңлісімен ғана қалған екен. Сөйтіп, туысын қорлайды. Ол үш күн қатарынан азғындығын жалғастырады. Соңында жеткіншек жүкті болып қалған», — деді судья.

Ауыр қылмыстың салдарынан жүкті болып қалған 16 жастағы бойжеткен Астанаға барып босанған. Сондай-ақ ол көрген қорлығынан кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

Фото: Видеодан кадр

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика