Өскеменде «Emeralds» тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталмай, 100-ден астам үлескер далада қалды. Олар салған ақшасын қайтарып алудан бас тартып отыр, себебі қазіргі нарық бағасымен ол ақшаға баспана алу мүмкін емес, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Даулы нысанның құрылысы 2022 жылы 50 пайыз деңгейінде тоқтап қалған. Жüzден астам отбасы бұл жобаға жалпы сомасы 2 миллиард теңгеге жуық қаражат салған. Олардың көбі соңғы баспанасын сатып, банктерге несиеге кірген.
Құрылыс компаниясының басшылары заңсыз ақша жинағаны үшін сотталғанымен, олардың мүлкі барлық үлескердің шығынын өтеуге жетпейді.
Зардап шеккендердің ақшадан бас тартуының басты себебі – жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның күрт өсуі. Егер екі жыл бұрын шаршы метрдің бағасы 280 мың теңге болса, қазір 500 мың теңгеге дейін көтерілген.
«Біз ақшамызды қайтаруды талап етпейміз. Бізге үйіміз керек. Екі жыл бұрын салған ақшамыз қазір түкке жарамайды, оған баспана ала алмаймыз. Баға екі есе өсіп кетті», — дейді үлескерлердің бірі.
Жергілікті әкімдік зардап шеккендерге тұрғын үй құрылыс кооперативін (ТҚК) құруды ұсынып отыр. Осы арқылы олар нысанды өз меншігіне алып, құрылысты аяқтайтын жаңа инвестор таба алады.
Фото: Әлеуметтік желіден
