Тоқаев: Канадалықтарды жеңген жас хоккейшілер тарих жазды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Канадада өткен Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық турнирінде жеңімпаз атанған «Astana Team» балалар хоккей командасын құттықтады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы қазақстандық клубтың бұл сенсациялық жетістігі отандық спорт тарихындағы елеулі оқиға болғанын атап өтті. Президенттің құттықтауында жас спортшылардың асқан шеберлік пен жеңіске деген зор ерік-жігер танытқаны ерекше айтылған.

«Сіздер тартысты финалда хоккейдің отаны саналатын канадалықтардан басым түсіп, нағыз тарихи жеңіске қол жеткіздіңіздер», – делінген құттықтау хатта.

Соңында Президент жас хоккейшілерге әрдайым өз күштеріне сеніп, қажырлы жаттығу арқылы жаңа жарқын белестерді бағындыруына тілектестік білдірді.

Бұл ауқымды жарысқа әлемнің 16 елінен 120 команда қатысқан болатын.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика