Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Миланда өткен Олимпиаданың гала-концертінде аты аңызға айналған актер Джеки Чанмен кездесті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Спортшы мұз айдынына танымал «Кунг-фу панда» мультфильмінің кейіпкері образында шығып, көпшілікке ерекше нөмір ұсынған болатын.
Өнері аяқталғаннан кейін оны нағыз тосынсый күтіп тұрды. Шайдоровты Голливуд жұлдызы Джеки Чанның өзі арнайы құттықтап келген. Киножұлдыздың қолында спортшының образына сай ойыншық пандалар болды.
Жылы жүзбен кездескен екеуі бір-біріне иіліп сәлем беріп, құшақтасып, қол алысты. Бұл сәт жас спортшы үшін ұмытылмас оқиға болғаны сөзсіз.
Фото: Әлеуметтік желіден
