UFC-дегі сәтті дебют: Әліби Ыдырыс америкалықты ұпаймен жеңді

Қазақстандық файтер Әліби Ыдырыс әлемнің ең беделді промоушені – UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Отандасымыз АҚШ-тың Хьюстон қаласында (Техас штаты) өткен UFC Fight Night 267 турнирінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы америкалық Оди Осборн болды. Аса жеңіл салмақта өткен айқас үш раундқа созылып, төрешілердің бірауыз шешімімен Әліби Ыдырыстың пайдасына шешілді.

Осылайша, Әліби Ыдырыс кәсіпқой мансабындағы оныншы жеңісіне қол жеткізіп, UFC-дегі жолын сәтті бастады. Ал оның қарсыласы Оди Осборн ММА-дағы оныншы жеңілісіне ұшырады.

Бұған дейін Ыдырыс UFC ұйымдастырған турнирде жекпе-жекке шығып, промоушенмен келісімшартқа қол жеткізу үшін күрескен еді. Нәтижесінде ол ұйыммен төрт жекпе-жекке арналған келісімге отырған болатын.

https://www.instagram.com/reels/DVCnK2lDvA4/

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика