Қазақстанда халықаралық клиника салынады: жобаға Mount Sinai қатысады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ashmore Group халықаралық инвестициялық компаниясының бас директоры Марк Кумбсты қабылдап, елде жаңа клиника салу жобасын талқылады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында Президентке Ashmore Healthcare International компаниясы мен «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС бірлесіп, Қазақстанда заманауи клиника салуды жоспарлап отырғаны туралы баяндалды. Бұл ауқымды бастамаға әлемге танымал медициналық оператор – Mount Sinai Health System компаниясын тарту көзделген.

«Үкімет осы маңызды жобаға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде Марк Кумбс Қазақстан экономикасының стратегиялық секторларында серіктестік орнатуға зор әлеует барын атап өтті. Сондай-ақ тараптар экономиканың жоғары технологиялы салаларын дамытуға бағытталған Ашық инвестициялық серіктестік бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық перспективаларын сөз етті.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика