Бас Мүфти ел халқына маңызды үндеу жасады

Фото: ҚМДБ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айының басталуына орай кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын төмендетуге және қоғамдық тамақтану орындарында ауызашар мәзірін халыққа қолжетімді етуге шақырды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан кәсіпкерлерін қасиетті Рамазан айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын арзандатуға шақырды. Оның айтуынша, кафе-мейрамханалардағы ауызашар мәзірі де халыққа қолжетімді болуы тиіс.

19 наурызда Рамазан айының оразасы басталды, ол 29 күнге жалғасады. Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түні өтеді, ал Ораза айт 20 наурызда атап өтіледі.

«Аллаға шүкір, Рамазанның ізгі дәстүрлері мәдениетіміздің бір бөлігіне айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке жеңілдіктер жасауға шақырамын. Рамазан айына сәйкес келетін ас-берулерді ауызашар уақытында өткізіп, сауапты істерді көбейтейік», – деді бас мүфти.

Сондай-ақ ол қоғамдық тамақтану орындарында ауызашар мәзірінің бағасын қолжетімді етудің маңызын атап өтіп, бұл айда дүкендерде алкоголь сатпауға шақырды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика