Сарбаз өлімі: ұсталған командирдің туыстары оның кінәсіз екенін айтты

Жамбыл облысында қатардағы жауынгердің қазасынан кейін №21450 әскери бөлімі ротасының командирі ұсталды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 29 қаңтарда министрліктің Әскери-тергеу департаменті Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлімнің лауазымды тұлғаларына қатысты Қылмыстық кодекстің 453-бабы («Қызметке салғырт қарау») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында әскери бөлімнің рота командирі ұсталды. Сот оған қатысты әскери қызметшіні әскери бөлім басшылығының бақылауына беру түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады», — делінген ведомствоның ресми жауабында.

Алайда бұл істің екінші жағы да бар. Бұған дейін рота командирі Амангелді Құсайыновтың әпкесі мен әскери қызметкер Аяулым Отарова офицерді қудалау негізсіз деп мәлімдеме жасады. Олардың пайымдауынша, командирдің іс-әрекеті мен қайғылы оқиға арасында ешқандай объективті байланыс жоқ.

Сонымен қатар Аяулым Отарова өзіне және кәмелетке толмаған бес баласына қысым көрсетіліп жатқанын да айтқан.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика