Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда пәтерін жөндетіп жатқан бойжеткенді жұмысшылары тонап кеткен: түн ішіндегі ұрлықтың видеосы тарап кетті (ВИДЕО) • Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты • Қазақстанда өндірілген Coca-Cola әлемдегі үздік деп танылып, танымал тұлғалардың назарына ілікті • Сауд Арабиясында барлау тікұшағы апатқа ұшырап, екі офицер қаза тапты • Құрметтеуіміз қажет: Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады • Алматыда «Almaty Puppet Festival – 2026» IV халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді • Алматыда пәтерін жөндетіп жатқан бойжеткенді жұмысшылары тонап кеткен: түн ішіндегі ұрлықтың видеосы тарап кетті (ВИДЕО) • Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты • Қазақстанда өндірілген Coca-Cola әлемдегі үздік деп танылып, танымал тұлғалардың назарына ілікті • Сауд Арабиясында барлау тікұшағы апатқа ұшырап, екі офицер қаза тапты • Құрметтеуіміз қажет: Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады • Алматыда «Almaty Puppet Festival – 2026» IV халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді •

    Отандық видеограф әлемнің үздік саяхатшы блогері атанды

    Отандық видеограф әлемнің үздік саяхатшы блогері атанды

    Фото: instagram.com/bydastan

    Қазақстандық танымал видеограф Дастан Мұхамедрахим әлемнің үздік тревел блогері атанды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    «Сүйінші, барша Қазақ елі! Дастан ұлдарыңыз әлемдегі ең үздік travel блогер атанды. Қазір ғана поштама хабарлама келді. Франциядан Канн фестивалімен қатар өтетін WIBA Awards деген шараға марапатымды алып кетуге шақырып жатыр. Өткен жылдары @khaby00 @cznburak @nusr_et осы марапатты алған. Осы жылы бізге бұйырып тұр екен», – деді Дастан Мұхамедрахим.

    Оның айтуынша, салтанатты кеш 22 мамыр күні Францияда өтеді.

    «Мен travel blogger ретінде үздік боп тұрмын. Әрі ол жақта Канн фестивалі өтіп жатады. Голливуд жұлдыздарымен бірге контент жасауға болады екен. Негізі 2026 жыл Қазақ елі үшін өте керемет басталды. Бұл да біздің қосқан бір үлесіміз болсын», – деп атап өтті отандық видеограф.

    Дастан Мұхамедрахимның Instagram-дағы парақшасына 1,5 млн адам жазылған. Оның Қазақстанның әсем табиғаты бейнеленген рилстары миллиондаған қаралым жинаған.

    Айта кету керек, бұған дейін 696 млн жазылушысы бар парақша Қазақстанның сұлу табиғатын паш ететін бейне жариялағанын жазғанбыз. Бұл видеоның авторы – Дастан Мұхамедрахим.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →