Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады

    Өзбекстан тұңғыш ғарышкерін ұшыруға дайындалып жатыр

    Өзбекстан тұңғыш ғарышкерін ұшыруға дайындалып жатыр

    Ұлттық жоба аясында өзбекстандық ғарышкерді 10-14 күндік ғарыш сапарына жіберу және миссияны жүзеге асыру үшін халықаралық әріптестік орнату ұсынылған, деп жазады QazaqToday.info ақпараттық порталы kun.uz порталына сілтеме жасап.

    Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев елдің алғашқы ғарышкерін дайындау жөніндегі алғашқы қадамдарға арналған жоспармен танысты.

    Баяндама барысында өзбек президентінің бастамасымен алғашқы ұлттық ғарышкерді даярлау стратегиялық міндет ретінде белгіленгені айтылған. Президент бұл бастаманың тек символдық мәні емес, елдің ғылыми әлеуетін, жастардың арманын және ұлттық мақтанышын көрсететін маңызды жоба екенін атап өтті.

    Сарапшылардың пікірінше, бұл жоба Өзбекстанның халықаралық беделін арттырып, ғылым мен технологияның дамуына жаңа серпін береді.

    Сонымен қатар 2028 жылы халықаралық ғарыш конгресін Самарқанд қаласында өткізу мәселесі қарастырылған. Кездесуге АҚШ, Еуропа, Қытай, Үндістан, Ресей және басқа да елдердің жетекші ғарыш ұйымдары қызығушылық танытып отырғаны айтылды.

    Кездесу қорытындысында президент ұлттық ғарышкерді дайындау бойынша нақты есептеулер мен практикалық ұсыныстарды мұқият әзірлеуді тапсырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →