Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 21 тамыз 2026 $ 462,1 534,9 5,44
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астаналық жас гимнаст Медина Есенбек Хуэйчжоуда үш медаль жеңіп алды Қарағандыда екі баланың анасы өлі табылды: туыстары суицид нұсқасына сенбейді «Қоқысқа көміліп, үйлері тозған»: Атырау тұрғыны аудан әкімінің жұмысын сынға алды Президент БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісін қабылдады 8 жасар қазақ қызы Қытайда үш медаль жеңіп алды Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сотта күтпеген шешім шықты Астаналық жас гимнаст Медина Есенбек Хуэйчжоуда үш медаль жеңіп алды Қарағандыда екі баланың анасы өлі табылды: туыстары суицид нұсқасына сенбейді «Қоқысқа көміліп, үйлері тозған»: Атырау тұрғыны аудан әкімінің жұмысын сынға алды Президент БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісін қабылдады 8 жасар қазақ қызы Қытайда үш медаль жеңіп алды Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сотта күтпеген шешім шықты

    Михаил Шайдоровтың сүйіктісінің кім екені белгілі болды

    Михаил Шайдоровтың сүйіктісінің кім екені белгілі болды
    instagram.com/aislumurzagalieva
    Әлеуметтік желіде мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың жеке өмірі көпшіліктің қызу талқысына түсті. Атап айтқанда, спортшының сүйіктісіне қатысты ақпарат оқырман назарын аударды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы 1bol.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Instagram желісіндегі taby.nu парақшасының мәліметінше, су жаңа Олимпиада чемпионының сүйіктісінің есімі – Айсұлу Мырзағалиева. Ол да кәсіби спортшы, көркем гимнастикадан Азия чемпионы әрі ұлттық құрамадағы белді өкілдердің бірі.

    Айсұлу спорт әлемінде бұрыннан танымал. Өзінің табандылығы мен еңбегінің арқасында ол халықаралық деңгейде жоғары нәтижелерге қол жеткізген. Болашақ гимнаст Ресейдің Сочи қаласында дүниеге келген. Тоғыз жасынан бастап көркем гимнастикамен шұғылданып, жасөспірім шағында-ақ Ресей аумағында өткен түрлі деңгейдегі турнирлерде жүлде ала бастаған.

    2015 жылы Айсұлу Алматыға келіп, қаланың ашық біріншілігінде топ жарды. Осы жарыста оның өнері отандық бапкерлердің назарын аударып, жас спортшыға Қазақстан атынан өнер көрсету туралы ұсыныс жасалды. Айсұлу бұл ұсынысты қабыл алып, сол жылы Астанаға көшіп келеді. Елордада «Жұлдыз» мектебінде жаттығып, нәтижесінде Әлем кубогы кезеңдерінде бір күміс және төрт қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ Азия чемпионатында алтыннан алқа тағынды.

    Айтпақшы, Михаил Шайдоров Олимпиадада жеңіске жеткен сәтте Айсұлу Мырзағалиева оны алғашқылардың бірі болып құттықтап, әлеуметтік желіде жылы лебізін білдірді.

    «Менің Олимпиада чемпионым! Өзі бәрінен тәтті», – деп жазды бойжеткен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →