Ресейлік комментаторға эфирде қазақ балаларын қорлағаны үшін айыппұл салынды

Ресейлік спорт комментаторы Максим Гречанин қазақстандық жасөспірім хоккейшілерге тіл тигізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Оқиға Омбы қаласында жергілікті «Сібір» және елордалық «Астана» командалары арасындағы матч кезінде болған. Эфир басталмас бұрын комментатор микрофонның сөніп тұрғанына сенімді болып, қазақстандық балаларды ауыр сөздермен балағаттаған.

Бұл әрекеті қоғамда үлкен резонанс тудырғаннан кейін Гречанин көпшілік алдында кешірім сұрап, мұндай ниеті болмағанын айтып ақталды.

«Менің сөздерім эфирге арналмаған еді. Микрофон өшірулі деп ойладым. Ешқандай ұлтаралық араздықты қоздыру ойымда болған жоқ», – деді ол.</blockquote >

Нәтижесінде Омбы қаласының Куйбышев аудандық соты Максим Гречанинді әкімшілік құқық бұзушылық жасады деп танып, оған 10 000 рубль (шамамен 50 мың теңге) көлемінде айыппұл салды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика