Бұрынғы судья Светлана Жолмановаға қатысты тағы бір үкім шықты

Фото: zakon.kz

Ол алаяқтық ісі бойынша кінәлі деп танылды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Алматыда экс-судья Светлана Жолманова тағы бір іс аясында кінәлі деп танылды.

Үкім 2026 жылғы 11 ақпан күні шықты. Светлана Жолманова Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы («Алаяқтық») бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда үкімдердің жиынтығы бойынша түпкілікті мерзім бұрынғыдай 10 жыл болып қалды. Яғни, жаңа үкім бойынша негізгі жаза мерзімі өзгерген жоқ.

Бұл істе 6 жәбірленуші болды. Медеу аудандық соты олардың үшеуінің талап-арызын қанағаттандырды. Е.Р. пайдасына 94 258 750 теңге көлеміндегі материалдық залал, сондай-ақ 942 587 теңге мемлекеттік баж; М.А. пайдасын 15 миллион теңге залал және 150 мың теңге мемлекеттік баж; Қ.А. пайдасына 59 миллион теңге залал және 590 мың теңге мемлекеттік баж төлеуге міндеттелді. Сот талаптардың бір бөлігін қараусыз қалдырды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика